ӨЗ ЖЕРІҢДІ ТАНЫП БІЛ
Елбасы 2018 жылдың 5 қазанда жолдаған Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрі қарай жалғастыру мақсатында «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын жүзеге асыруда атап өткен болатын . Аталмыш жобаны қолдау мақсатында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Өз жеріңді танып біл» атты дәріс сабағы өткізілді.
Мақсаты: «Туған жерің – тал бесігің» демекші, кіндік қаның тамған жердің тарихын білу, атақты тұлғаларынан үлгі –өнеге алып, ерліктерін мақтан тұтып, ұрпақтан –ұрпаққа дәріптеу.
Іс-шараға №2 мектептің 6 сынып оқушылары қатысқан болатын. Сабақтың жүргізілу барысында Қарағанды өлкесі жайлы біраз мағлұматтар жиналып, тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Сарыарқа кітапханасы» сериясындағы кітаптар да қойылды. Сонымен қоса көрмеден Приозерск қаласы жайлы біраз тарихи деректерде орын алды.
Қаламыздың келешегі осы жас ұрпақтың қолында болмақ, сол себепті алдымызда қандай жарқын болашақ күтіп тұрғаны жайлы оқырмандарымыз өз ойларымен бөліскен болатын. Әрбір жасөспірімнің бойында отансүйгіштік қасиет жастайынан қалыптасса, ондай ұрпағы бар елдің тұғыры әрқашанда биік болмақ.Ал, ел келешегі жастар десек, жастар мен жасөспірімдердің өз туған жерін танып білуіне септігін тигізетін жобалардың бірі – «Өз жеріңді танып біл» жобасы десек қателеспейміз.