Жарқын бейне
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде сәуір айының 23-жұлдызында Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, әйгілі партизан, аты аңызға айвналған даңқты тұлға Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толу құрметіне «Жарқын бейне» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме мектеп оқушылары мен кітапхана қонақтарының назарына ұсынылды.
Мақсаты:Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін,туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынай суреттеген, өз оқырмандарына кеңінен мәлім көптеген ерлік тақырыбындағы шығармалардың авторы. 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрген. Кейінгі кітаптары «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін»,«Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары оқырман назарына ұсынылған. Көрмені тамашалауда оқушылар Қасым атамыздың өмірбаянымен және көптеген шығармаларымен танысты. «Жау тылындағы бала» кітабы үлкен сұранысқа ие болды. Жарқын бейнесі халқының жүрегінде сақталған қаһарман тұлғаның есімі мәңгі өшпек емес. «Жақсының аты, ғалмның хаты өлмейді». Елін сүйген ұлан болғың келсе, батыр бабаңның кітаптарын оқып, қайсарлыққа ұмтыл жас дос...!