Жарқын жүзді ұстазым

2024 жылдың 4 қазан күні кітапхананың «Білім» орталығында  қазақ сатирасының сардары, ұлттың жанашыр перзенті, жарқын жүзді ұстаз, тіл жазушысы Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған «Жарқын жүзді ұстазым» атты әдеби сағат өтті. Аталмыш іс-шараға  № 1 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.

     Мақсаты: оқырмандарға Ш.Смаханұлының шығармашылығы мен өмірі жайында түсінік беру, жас ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, жаман әдеттен аулақ болу;

     Ақын-сатирик Шона Смаханұлы шығармашылық мұрасында ұлтқа, халық мүддесіне қатысты мәселелердің бәрі -баршасына ерекше ден қойып әзіл-ажуа, сынсықақ, шымшымалары арқылы қоғам-кезең көріністерін, өмір-тұрмыс сырларын, адам мен оның еңбегін жоғары бағалап, зор маңыз бергені баса айтылды. Іс-шара барысында Шона Смаханұлының өмірі мен шығармасына арналған кітап көрмесі жасақталды.