Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
2018 жылдың 1 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты өтті. Аталмыш шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, ата-анаға мейірімді, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Атамыз қазақ «Баланы жастан» деп бала тәрбиесіне, қылығына жас кезінен көңіл бөлген. Ұлы ғұламалар да тәрбиелік, шыншылдық, еңбексүйгіштік бала кезден бойға сіңетін қасиет дейді.
Тәрбие сағаты аясында оқырмандар адамгершілік, ізгілік тақырыбындағы өз ойларын ортаға салып, мақал-мәтелдер айтып, «Айгөлек» журналындағы мәтіндерді оқып, мазмұндап берді. Сондай-ақ, арнайы әзірленіп оқиғаға құрылған көріністі слайдты тамашалады.