Жазғы демалыста-кітап әлемімен

«Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар»  бағдарламасы аясында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  жазғы кітапхана алаңында « Жазғы демалыста-кітап әлемімен» атты буккроссинг акциясы өтті.

«Буккроссинг» қазақшаға  аударғанда  «кітап  сыйлау» немесе «кітаптың  айналыста  жүруі» деген  мағынаны  білдіреді. Яғни, кез-келген оқырман осы кітап сөрелерінен өзін қызықтыратын оқулықтарды тегін алып, оқуына, сонымен қатар ұнатқан кітабын жеке кітапханаларындағы кітаппен алмастыруына болады. 

Мақсаты: кiтаптарға екiншi өмiр сыйлау, олардың пайда әкелуiне жол ашу. Яғни, кiтаптар сөрелерде бекерге шаң  басып жатпауы керек. Қорыта айтқанда, буккросинг «өзiң оқы да, басқаға бер» қағидасына негiзделген қарапайым iс-әрекеттен тұрады.

Сөреде әлем және қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектері мен балалар әдебиетіне қатысты кітап, журналдар қойылған.

0e55f267-3ac1-4a8c-ba45-ad75badc102b 1ac1b16d-51ad-4d8e-8750-5f4ddd8c0b26 71f95536-779c-4b98-a321-bc4f79597b29 443f2726-d397-4a33-9f95-c1ee6f31d0bf 512d7155-b81d-4078-b816-8a517d1a895b 31582a79-9cae-4b7a-b18a-d91c70eb2f13 f3b681dc-a1ad-4ee4-bb6b-c38c5eb488ce