Жазғы калейдоскоп

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында  қалалық балалар кітапханасы « Кітапханадағы жаз» демалыс бағдарламасы аясында қаладағы № 2 орта мектептің бастауыш сыныбының оқушылары  ұстаздарымен  кітапханаға саяхат жасады. Жас балалар кітапханамен танысып, арнайы дайындаған "Жазғы калейдоскоп» атты  ертегі кітаптардан жасалған көрмені тамашалады. Кітапхана қызметкерлері балаларды жаңа кітаптар көрмесімен таныстырып, мерейтойлы кітаптарға шолу жасады. Әр түрлі жұмбақтар жасырылып, балалар өздеріне ұнайтын журналдар мен жаңадан келіп түскен кітаптарды көруге мүмкіндік алды. Кітапханаға экскурсия барысында балалар көптеген жаңа және қызықты кітаптармен танысты, көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды.