Желбіре, Жеңіс жалауы!

2025 жылдын 6 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай балалар кітапханасында «Желбіре,Жеңіс жалауы!» атты патриоттық кеш өткізілді. Балаларға Ұлы Отан соғысының негізгі шайқастары: Брест қамалы, Одесса, Севастополь, Мәскеуді қорғау, Ленинград блокадасы, Сталинград шайқасы туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Балалар іс-шара тақырыбы бойынша викторина сұрақтарына жауап берді.

Жараланған адамды жау алаңынан шығару, мергендердің нысанаға түсуі, әріптерден сөз тіркесін құрастыру, майданнан үшбұрышты хатты бүктеу туралы ойындарға қатысты. Іс-шара бір минут үнсіздікпен аяқталды. «Желбірі, Жеңіс жалауы!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.