Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде  2019 жылдың 8-қазан күні «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік» атты ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілікке №2 мектептің 2 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Жолда жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру.

Іс-шара барысында кітапханашы жол ережелерін сақтаудың маңызы жайлы айтып өтті. Балалардың назарына кітапханадағы көлік жайлы кітаптар және көрме ұсынылды. Балалар жол ережесі, көліктер жайлы білетін тақпақтарын айтып, кітапханашының жасырған жұмбақтарына  жарыса жауап берді. Жол тәртібі жайлы «Бағдаршам» ойынына балалар қызығушылықпен кірісіп кетті. Іс-шара соңында балалар викториналық сұрақтарға жауап берді.

1ef1628b-aa1b-485e-9f81-c26090b07726 20190923_102628 20190923_102931 a03ba5d2-5334-473f-acc4-15cb07812780  DSC_0028 DSC_0029