Жол тәртібін сақтайық

2018 жылдың  3 қазан  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің  балалар бөлімінде «Жол тәртібін сақтайық» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Оқушыларды жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету, қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу, жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу қатерге әкеп соқтыруы мүмкін. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек.

Балалар тәрбие сағаты барысында жол ережелеріне байланысты білімдерін кеңейтіп, жол белгілерімен танысып, бағдаршамға жалпылама сипаттама беріп, жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Тақырыпқа байланысты өздерінің таным-түсініктерімен бөлісті.

жол жол1 жол2 жол3 жол4 жол5 жол6 жол7