Жүректен туған жырлар

Балалар кітапханасында «Кітап – білім көзі» апталығы аясында үшінші күн «Жүректен туған жырлар» поэзия күні ретінде аталып өтті. Мақсаты: балаларды қазақ поэзиясымен таныстыру, өлеңге деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара басында кітапханашы апталықтың маңыздылығына тоқталып, ақын, жазушы Ә. Табылдының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы қысқаша таныстырды. Балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, поэзияның мәні туралы шағын әңгіме өрбіп, поэзия туралы сұрақ-жауап ұйымдастырылып, балалар өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында балаларға поэзияның адам жанына әсері туралы түсінік беріліп, кітап оқуға деген ынтасы арта түсті. Осындай рухани шаралар жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайта түсетіні анық. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның жыр жинақтары оқушылар назарына ұсынылды.