Жыр алыбы-Жамбыл

2021 жылдың 23 ақпан күні балалар бөлімінде қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы-Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрменің мақсаты: Жыр дүлдүлі, қазақ ауыз әдебиетінің алыбы, суырып-салма ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру.
Кітапхананың кітап қорынан қойылған «Жыр алыбы Жамбыл» атты кітап көрмесіне домбыра ұстаған қарт Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, Отанға деген сүйіспеншілікке толы шығармалары туралы материалдар ұсынылды.

5 6