Жыр алыбы-Жамбыл
2026 жылдың 27 ақпан күні балалар кітапханасы халық ақыны Жамбыл Жабаевтің туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр алыбы-Жамбыл» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды. Мақсаты: Ақын мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оның елдік пен ерлікті жырлаған поэзиясының тәрбиелік мәнін ашу; Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриоттық сезім қалыптастыру. Кітапханашы Жамбылдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы патриоттық жырлары, ел бірлігі мен ерлікті насихаттаған өлеңдері туралы әңгімеледі. «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақын шығармалары мен ол туралы зерттеу еңбектер таныстырылды. Іс-шара қатысушыларға рухани әсер сыйлап, Жамбыл жырлары арқылы елдік рух пен отансүйгіштік сезімді тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.






