«Кітап – ұлттық құндылық»

2025 жылдың 19 сәуірінде кітапхананың оқу бөлімінде «Ұлттық кітап күні» апталығы аясында оқырмандардың танымдық қабілетін арттыру, кітаптың адам өміріне алатын орны туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты сүюге баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында «Кітап – ұлттық құндылық» тақырыбында оқырман бенефисі ұйымдастырылып өткізілді. Оқырмандарға кітап туралы ақпараттар беріліп, олардың сөйлеу мәнерін дамыту үшін сұрақтар қойылып, балалардың ойлары тыңдалды және де кітапты күтіп ұстау ережелері де ескертілді. Оқырмандар кітаптар оқып, алған әсерлерімен бөлісті.
Оқырмандармен бірге кітап туралы «Мақал-мәтелдердің жалғасын тап» ойыны да ойнатылды. Сонымен қатар, «Кітап – ұлттық құндылық» тақырыбында кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды.