«Ауған соғысы – тарихтың қасіретті беті»

Кітапхананың оқу орталығында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 36 жылдығына арналған «Ауған соғысы – тарихтың қасіретті беті» атты ерлік сағаты өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері Азнабаев Талғат Төлегенұлы, Крупский Валерий Викторович, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Кенжебеков Тілек Алшынбекұлы және N 44841, 06708 әскери бөлімдерінің сарбаздары қатысты.