KITAP TIME-2025

24 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ІV жалпы республикалық «KITAP TIME-2025» фестивалі өткізілді. Фестивальдің мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, мәдени құндылықтарымызды көпшілік оқырманға насихаттау; Кітапхананың «Білім» орталығында «Қазақ хандығы- 755 жыл», «Алтын орда-560»,«Абай-180жыл»,«QR код», кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттерге кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында «Поэзия -сырлы әлем» тақырыбына поэзия кеші өткізілді, кеште поэзияға жаны құштар жастар ақындардың шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Сонымен қатар оқушылар: «Кейіпкерді тап» атты кино-ойын, «Тамшылар», «Бұл кітапты кім жазды?», «Әдеби лото» викторина, «Ағаштағы жұмбақтың шешуі», «Мақал-мәтелдің жалғасын табу», « Сөзжұмбақ шешу» ойындары ойнатылды. «Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге» Абайдың 180жылдығына орай Абай өлеңдері оқылып, «Кітаптың шығу тарихы» видеоролик көрсетілді. Фестивальға мектеп оқушылары, ұстаздар, кітапхана ұжымы қатысты