Кітап тайм-2026: Оқы. Ойлан. Өзгер

2026 жылдың 10 қыркүйек күні кітапханада оқырмандардың басын қосқан «Кітап тайм-2026: Оқы. Ойлан. Өзгер» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шараның басты мақсаты — кітап оқу мәдениетін насихаттау, жастардың ойлау қабілетін дамыту және әрбір оқырманға кітап арқылы өзін-өзі өзгертуге мүмкіндік бар екенін көрсету; Фестивальда «Кітап әлемі-шексіз әлем», «Кітап жәрменкесі», «Оқысаң-қорқасың!», «Комикс TIME» кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кеш барысында «Кітаптың дауысы», «Әдеби блиц», «Мақалдың жалғасын тап» т.б интелектуалды ойындар ойнатылды. «Ашық микрофон» алаңында: Қатысушылар өздеріне ұнаған поэзиялық шығарманы таңдап, сол кітаптан өлеңді мәнерлеп оқып, ерекше әсер еткен кітаптарымен бөлісіп, шығармашылық ойларын ортаға салды. «Оқы. Ойлан. Өзгер» форматына сай арнайы тапсырмалар орындалып, қатысушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін сынады. Кеш соңында «Мен және сүйікті кітабым» оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптарымен сельфи жасады.