Әлем әдебиеті кітапханасы
Руханият әлемінде әр халықтың бойтұмары сынды тұлғалары болады.Расымен де аз уақыт ішінде жарық көріп, көпшілік оқырман қауымның кең қолдануына мүмкіндік берген бағдарлама аясында «Әлем әдебиеті кітапханасы» сияқты кітаптары тарихты тануға, әлем мәдениеті мен әдебиетіне кеңірек бойлауымызға сеп болды
Бағдарлама аясын да аса мән берілген бағыттың бірі – «Әлем әдебиетінің кітапханасы» сериясы бойынша: Джорж Байронның «Чайльд Гарольдтың сапары. Қабыл. Теңіз көкжалы», Оноре де Бальзактың «Шегірен былғарысы», Мулуд Маммеридің «Апиым мен таяғы», Уильям Шекспирдің «Трагедиялар мен сонеттері», Гетенің «Фаусты», Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майданы», Федор Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтары», Владимир Набоковтың «Машенька» және «Лужин қорғанысы» , Михаил Шолоховтың «Тынық Дон» атты әлемдік жауһарлар қазақ оқырмандарымен қауышса, «Қазақстан тарихы» сериясы бойынша көптеген құнды жазба деректер араб, парсы, түркі, қытай, манжур, шағатай, моңғол, көне славян және батыс тілдерінен аударылды.
Кейбір әлем әдебиетінің классикалық үздік шығармалары алғаш рет орыс тіліне аударылып берілген. “Ежелгі Шығыс поэзиясы мен прозасы”, “Орта ғасыр романдары мен повестері”, Ф. Рабленің “Гаргантюа және Пантагрюэль” романы алғаш рет толық аударылып басылған. “Әлем Әдебиет Кітапханасынын» дайындауға әлемнің белгілі әдебиеттанушы ғалымдары жұмылдырылды. Әр кітап ғылыми-зерттеу мәндес алғы сөздер мен түсініктемелермен қамтамасыз етілген. “ « Әлем Әдебиет Кітапханасында» адамзат баласының барлық дәуір, кезеңінің сөз өнері шеберлері — 3235 автордың 25800 үздік шығармасы 100-ден астам тілден аударылып жарық көрген.