Көкше көлдің жағасы-Приозерск

25 шілде кітапхананың «Білім» орталығында Қала күніне орай «Көкше көлдің жағасы-Приозерск» атты танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: Көкше өңірінің тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпаққа туған өлкені сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Мекеме қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген кеш барысында видеоролик көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.