Өміріме өрнек салдым өлеңмен
28 сәуір күні «Оқитын ұлт жобасы» бойынша, «Әдеби өлкетану» бағдарламасы аясында ұлағатты ұстаз, тіл жанашыры, жергілікті ақын Хизирова Маржанкул Хожабеккызымен «Өміріме өрнек салдым өлеңмен» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Аталған кешке №1 мектеп оқушылары қатысты. Кездесу кештің мақсаты: ақын шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Кеш барысында ақын поэзиясы туралы пікірлер айтылып, жыр сүйер жастар өлеңдерін мәнерлеп оқып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды және де әдеби шарада оқушылар кеш иесінің жырларын тыңдады. Шығармашылық өмір жолы мен еңбектері таныстырылып «Өміріме өрнек салдым өлеңмен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында ақын оқушыларға арнап өзінің ақыл-кеңесін, кітап оқудың адам жанынына рухани азық сыйлайтынын, өмірде кітаптың көп пайдасы тиетінін айтты