Қоржынтүбек-құт мекенім

2023 жылдың 12 мамыр күні «Оқитын ұлт жобасы» бойынша, «Әдеби өлкетану» жобасы аясында кітапхананың «Білім» орталығында жергілікті жас ақынымыз Бақберген Арысланбаевпен ««Қоржынтүбек-құт мекенім» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Аталған кешке №1 мектептің оқушылары қатысты. Кездесу кештің мақсаты: ақын шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу; 

Кеш барысында ақын поэзиясы туралы пікірлер айтылып, жыр сүйер жастар өлеңдерін мәнерлеп оқып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды. Шығармашылық өмір жолы таныстырылып, «Қоржынтүбек-құт  мекенім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.