Қаламыздың құрметті азаматтары
Абрамова Тамара Львовна 1937 жылы 24 наурызында Ресей Федерациясының Красноярск қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары, педагог.Еңбек жолын қатардағы мұғалімнен бастап, қалалық оқу бөлімінің меңгерушісіне дейін көтерілген. 1980 жылдан бастап «Қазақстанның 60- жылдығы атындағы» орта мектептің директоры қызметін атқарды. Бірнеше медальдармен, «КСРО-ның оқу – ағарту ісінің үздігі» атағын алған.Білім саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін 1998 жылдың 10 наурызында қалалық мәслихаттың №28/171 шешімімен «Приозерск қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Көбеева Аймереке Бекболатқызы 1927 жылы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында теміржол жұмысшысы жанұясында дүниеге келген.Ұлты қазақ. 1935 жылы әкесі, артынша шешесі қайтыс болуына байланысты Ақтөбе қаласындағы балалар үйіне қабылданып, теміржолшылар мектебінде 10 жылдық мектепті бітірген. 1942 жылдың қазан айында өз еркімен соғысқа аттанады.Армия қолбасшылары маршал Малиновский, маршал Рокосовскилердің басқаруымен Ростов на Дону, Чаплен, Константинополь, Брест, Литва, қалаларында соғысып, Варшава қаласына дейін жеткен.1945 жылы Германия түбінде жеңіске жеткен атқыштар дивизиясын Кисловодскідегі демалыс орнына жолданған. Екі ай демалыстан кейін өзінің Отанына, Ақтөбе қаласына қайтып келген. 1946-1948 жылдар аралығында Челкарск балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс атқарған. 1948-1958 жылдары Өзбекстан Республикасы, Үрген қаласында бастауыш мектеп мұғалімі, 1959 жылы Қазалы қаласында байланыс бөлімшесінің кассирі, 1965-1967 жылдары сатушы болған. Екі мәрте «За боевые заслуги», «За отвагу», «за победу над Германией» медальдарымен марапатталған.
Абдуллаев Нұржан Әбілпаттаұлы 1937 жылы 11 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық станциясында шаруа жанұясында дүниеге келген. Білімі жоғары, журналист. Приозерскі қаласында «Юность» телестудиясының директоры болып көп жыл қызмет атқарған. Студияның киногерлер тобында қызмет жасап бірнеше қысқа метражды кинолпр түсірген, осы қалада қызмет жасаған уақытында жүзден астам телевизиялық очерктер түсіріп, мыңдаған киносюжет жасаған. Көптеген телерепортаж бен хабарлардың авторы болған. Бірнеше мәрте қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланған. Бірнеше медальдардың иегері. 1997 жылдың 19 желтоқсанында қаланың көркейуіне, дамуына қосқан жеке үлесі үшін №24/158 қалалық мәслихат шешімімен оған «Приозерск қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Матлашов Вилор Степанович 1950 жылы Дағыстан АССР –ның Кизляр қаласында туылған. Білімі – әскери жоғары. 1973 жылы Ростовтағы жоғары әскери училищесін, 1981 жылы Дзержинский атындағы әскери Академиясын бітірген. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Сары-Шаған 10-шы полигонының бастығы. Генерал-майор В. Матлашов Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынасты байланыстыруда өзінің үлесін аямай қосуда.Әсіресе әлеуметтік жағдайларға байланысты көптеген мәселелерді шешуге, қаламыздың инфроструктурасын дамытуға аса назар аударады. Қаламызға қосқан жеке үлестері үшін 2006 жылдың 20 маусымындағы қалалық мәслихаттың № 181/32 шешімімен «Приозерск қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.
Мырча Павел Николаевич 1961 жылы 09 ақпанда Украинаның Харьков облысы, Сахновск ауданы, Сахновщина ауылында дүниеге келген. Ұлты украин. 1968 жылы Красноградтағы онжылдық мектептің 1 сыныбына барып оны 1978 жылы бітірген. 1978 жылы Красноградтағы әскери комиссариат арқылы өз еркімен Харьковскідегі маршал Н.И.Крылов атындағы жоғарғы әскери басқару – инженерлік училищесіне оқуға түскен. 1983 жылы Р-046714 әскери қызметшілік жеке нөмірімен «Радиотехникалық кешен жүйесі» мамандығын алған. Училищені бітірісімен Қазақстанға Орал облысы, жаңа Казанка ауылындағы №31962 әскери бөліміне жолдамамен келген.1983-1990 жылдар аралығында осы әскеи бөлімінде әскери борышын атқарған. 1990-192 жылдары Гурьев облысындағы №41182 әскери бөлімінде, 1992-1993 жылдары Астрахань облысында Капустин Яр қаласындағы №74322 әскери бөлімінде қызмет атқарған. 1993-1995 жылдары Жезқазған облысы Приозерск қаласына №25719 әскери бөліміне келген. 1999-2008 жылдар аралығында оныншы сынақ полигонында қызмет атқарған. 2008 жылдан бастап осы полигонның басшысы қызметінде. 2007 жылдан 2010 жыл аралығында Мәскеу қаласындағы Ұлы Петр атындағы әскери Академиясын сырттай оқып «Управление воинскими частями и соединениями» мамандығын алған. 2007 жылы «За военные заслуги» медалімен және он беске жуық әскери медальдармен марапатталған.
Северьянова Надежда Александровна северьянова Надежда Александровна, 30.08.1925 жылы туған. Приозерск қаласының құрметті азаматы атағы берілгенде зейнеткер болған. Приозерск қаласының құрметті азаматы атағы қалалық мәслихаттың 28.01.1999 жылғы № 32/191 шешімімен берілген.