«Сейілтші,жүрек,мұңымды»

2017 жылдың 7 желтоқсан күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде қаламыздың ақыны Хизирова Маржанкуль Хожабекқызының «Сейілтші, жүрек, мұңымды!» атты жыр кітабының тұсаукесер кеші өтті.  Кешке № 1 мектептің 8-10 сынып оқушылары мен «Жас ақындар мектебі» мүшелері қатысты.

            Кештің мақсаты: ақынның  жыр жинақтарымен, өлеңдерімен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік  мәнін түсіндіру.Оқушыларды ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін    қадірлей білуге,  адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

            Барлығымыздың жүрегіміздің түкпірінде поэзия әлеміне бастап апарар жол бар. Әрине, оны жарыққа шығарып, басқаларға жеткізе алатындар айналаға терең көзқараспен қарай отырып, өз жүректен шыққан жырларын да жеткізе біледі. Ендеше бүгінгі кешіміз қаламыздағы өлең шығарып жүрген ақынымыз, №1 мектептің қазақ тілі  мен әдебиет пәнінің мұғалімі және  «Жас ақындар мектебінің» жетекшісі Хизирова Маржанкүл Хожабекқызына арналады.

            Ақындық өнер – бір жылдық жеміс емес. Ол ғасырды ғасырға жалғайтын ұлтымыздың құнды мұраларының бірі. Ақын өткенді еске ала отырып, болашақты болжайтын, сауатты, жаны нәзік, талғамы биік, көрген нәрседен тез әсер алғыш жан. Біздің қаламызда да ақындық өнерді жанына серік етіп, поэзияны сүйіп оқитын, өз ойын өлеңдерімен өрнектеп жүрген жас таланттар аз емес. Маржан апай өзінің шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. Оқушылар сұрақтар қойып, балалардың сұрақтарына  нақты жауап берді.

3 6 7 12 56