Туған өлке-тұнған тарих
28 шілде күні «Оқитын ұлт жобасы» бойынша, «Әдеби өлкетану» бағдарламасы аясында кітапхананың оқу бөлімінде «Туған өлке-тұнған тарих» атты танымдық сағаты өткізіліп, өлке тарихы жас ұрпаққа насихатталды. Іс-шараның мақсаты: Ата-бабалардың бай мұрасын жаңғырту; жас ұрпақты өз жеріне, өз ауылына, қаласына, өңіріне, кіші отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу, жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу, өз Отанын сүюге тәрбиелеу; жергілікті жазушыларының шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты олардың шығармаларын оқуға тарту, кітапханаға жаңа оқырман тарту;
Кеш барысында оқырмандарға өлке тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, «Туған өлке-тұнған тарих» атты кітап көрмесі таныстырылды.