Туған жерім-алтын бесігім
27 шілде күні «Оқитын ұлт» жобасы бойынша, «Әдеби өлкетану» жобасы аясында кітапхананың оқу бөлімінде «Туған жерім-алтын бесігім» атты тақырыптық сағаты өткізіліп, өлке тарихы жас ұрпаққа насихатталды. Іс-шараның мақсаты: Ата-бабалардың бай мұрасын жаңғырту; жас ұрпақты өз жеріне, өз ауылына, қаласына, өңіріне, кіші отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу, жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу, өз Отанын сүюге тәрбиелеу; жергілікті жазушыларының шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты олардың шығармаларын оқуға тарту, кітапханаға жаңа оқырман тарту;
Кеш барысында оқырмандарға өлке тарихынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, «Туған жерім-алтын бесігім» атты кітап көрмесі таныстырылды.