Туған жерім-тұғырым

 

Туған жер – әр адамның түпқазығы. Рухының бесігі. Ауыл – тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы.

2022 жылдың 22 ақпан күні «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында қаламыздың тұрғыны, ақын, жазушы, ҚР журналистер одағының мүшесі, «Приозерский вестник» газетінің тілшісі Нұрғали Қыдырмұратұлы Қарабековпен «Туған жерім-тұғырым» атты тақырыбында сұхбат жүргізілді. Мақсаты: кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.