Біз жемқорлыққа қарсымыз

2023 жылдың  23 тамыз күні кітапхананың оқу бөлімінде жастарға қоғамымыздың  барлық  саласына еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында әңгіме өтті. Кітапханаға келген оқырмандарға  кітапханашы сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру маңызы зор екенін айта отырып,  ұйымдастырылған  кітап көрмемен таныстырды.   Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет» жадынамасы таратылды.

 

5 6 7 8 9 10 11