Адал жол – Честный путь

«Адал жол- Честный путь» сыбайлас  жемқорлыққа қарсы қүрес марафоны шарасының жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 6 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Адал жол-Честный путь» атты ақпараттық сағат өтті.   Іс-шараға  мектеп оқушылары, кітапханашылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты рухани тәрбиелеу, адамгершілік, белсенді азаматтық позицияны насихаттау, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында кітапханашы К.Курманбекова  қатысушыларды марафонның мақсаты туралы ақпараттандырды, бұл "сыбайлас жемқорлық" деген сөзбен түсіндіріледі, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың пайда болу және даму тарихы туралы айтты, әлем елдеріндегі сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді

Сонымен қатар «Адал жол-Честный путь» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Кітаптардан басқа көрмеге газет және журналдардың парақорлыққа қарсы тақырыбындағы басылымдары қойылды. Іс-шара  соңында барлық қатысушыларға "Сыбайлас жемқорлық туралы не білу керек?", "Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарла" және басқа да ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылды.

DSC_0002 DSC_0006 DSC_0008 DSC_0021 DSC_0024 DSC_0027 DSC_0030 DSC_0035 DSC_0037