Адал жол-жарқын болашақ

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адал жол-жарқын болашақ» атты құқықтық сағат өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттау; Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянын түсіндіру;

      Іс-шараға №1 мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға «Адал жол – жарқын болашақ» ұранын ұстана отырып, парасатты азамат болуға үндеу және адалдық пен әділдік – өркениетті қоғамның негізі екендігі түсіндірілді. Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға бағынудың маңыздылығы туралы әңгімелер қозғалды.