Адалдық - қоғам айнасы

        2025 жылдың 8 желтоқсан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Адалдық-қоғам айнасы» атты пікірталас сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру. Іс-шара барысында кітапханашы «Адалдық – қоғам айнасы» тақырыбында шағын бейнеролик көрсетіп, сыбайлас жемқорлық ұғымы, түрлері және оның қоғамға әсері туралы түсіндіріп өтіп, кітап көрмесі таныстырылды. Оқушыларға сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Пікірталас нәтижесінде әр қатысушы өз бойында парасаттылықты дамытуға, заңды құрметтеуге және қоғамның адал мүшесі болуға ұмтылатыны туралы ой түйді.