Адалдық-адамдықтың белгісі
2026 жылдың 11 наурыз күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге орай «Адалдық-адамдықтың белгісі» атты пікірталас өткізілді. Мақсаты: қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зияны мен салдарын түсіндіру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның қоғам дамуына тигізетін кері әсері туралы мәлімет берілді.
Пікірталас барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, «Жемқорлықтың пайда болу себептері қандай?», «Онымен күресудің тиімді жолдары қандай?» деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісті. Сонымен қатар адалдық, әділдік, заңға бағыну туралы мысалдар келтіріліп, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу жүргізілді. Жастар өз көзқарастарын айтып, жемқорлықсыз қоғам құрудың маңыздылығын талқылады. Пікірталас соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға үлкен зиян келтіретінін түсініп, оған қарсы тұру әр азаматтың міндеті екендігі айтылды. Арнайы құрылған кітап көрмесімен таныстырылып, адалдық пен әділдік қағидаларын ұстану арқылы ғана әділетті қоғам қалыптастыруға болатыны атап өтілді.


