Ар мен адалдық – басты құндылық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге орай «Ар мен адалдық – басты құндылық» тақырыбында балалар кітапханасы тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері мен салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырыпқа сай пікірталас ұйымдастырылып, түрлі жағдаяттық сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Оқушылар адалдық пен әділдіктің маңызын ашып, өз көзқарастарын қорғады. Тақырыпқа сай нақыл сөздер мен мысалдар келтіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әр азаматтың міндеті екені айтылды. Тәрбие сағаты оқушыларға үлкен ой салды. Олар адалдық пен ар-ұяттың адам өміріндегі маңызын түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әрбір саналы азаматтың борышы екенін ұғынды.