Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

2024 жылдың  25 сәуір күні кітапхананың оқу бөлімінде қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру мақсатында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру дерттің  жаппай жойылу жолын сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын  қалыптастырудан бастауымыз керектігі туралы жемқорлықты алдын алу шаралары жайлы айтып өтті. Әрқайсысы өз ойларын ортаға салды.

Кеш соңында оқырмандар «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты кітап көрмесімен танысты.