Таза қоғам-жарқын өмір

2026 жылдың 11 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында кітапханада «Таза қоғам-жарқын өмір» атты пікір алмасу кеші өтті. Іс-шараға 44841 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты.

Мақсаты : оқырмандарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсерін түсіндіру, жастарды адалдыққа, әділдікке және заңды құрметтеуге тәрбиелеу; Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сонымен қатар адалдықтың мәні, әділ болу, заңды сақтау және шындықты айту сияқты адамгершілік қасиеттер мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық ұғымына түсінік беріліп, оның – жеке бас пайдасы үшін қызметтік өкілеттікті заңсыз пайдалану, жемқорлықтың зияны мен алдын алу жолдары айтылды.