Парасатты ұрпақ – ел болашағы

2026 жылдың 28 қазан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында кітапханада мектеп оқушыларының қатысуымен «Парасатты ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту. Шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы туралы түсінік берілді. Тақырып аясында танымдық бейнеролик көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалып, құқықтық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін әдебиеттер таныстырылды.