Парасыз болашаққа. Бірге!

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің алдын-алу мақсатында 2025 жылдың 21 мамырында «Парасыз болашаққа. Бірге!» тақырыбында пікірталас өткізілді. Пікірталасқа Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжайының қызметкерлері қатысты. Мақсаты: Жемқорлық туралы ұғым қалыптастыру; қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру:

Шара барысында әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы, Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берілді. «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында баяндама оқылып, жемқорлық туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар жемқорлыққа қатысты сұрақтар қойылып, брошюралар таратылды. «Парасыз болашаққа. Бірге!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.