Сарыарқа –адалдық алаңы
Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзбеушілік» және «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 19 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша құрылған мобилді топ мүшелері «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.