Еркіндік пен әділдік

2026 жылдың 5 маусым күні ҚР Конституциясын насихаттау және оның қоғамдағы маңызын кеңінен түсіндіру мақсатында «Еркіндік пен әділдік» тақырыбында құқықтық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру, заңға құрмет пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Шара барысында кітапханашы ҚР Конституциясының негізгі қағидаттары, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуындағы Конституцияның рөлі туралы әңгіме өрбіді. Іс-шараға 06708 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар «Еркіндік пен әділдік» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, Конституция, құқықтық мәдениет, мемлекет және қоғам мәселелеріне арналған әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды.