Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет
Қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетімізде мықтап қолға алынып, кешенді түрде жүргізілуде. 2019 жылдың 15 наурызында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің оқу залында «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет» атты пікір алмасу кеші ұйымдастырылды. Кешке мектеп оқушылары мен оқырмандар қатысты.
Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Аталмыш шарада оқушылар адамгершілік, шыншылдық, әділдік хақындағы мақал-мәтелдердің жалғасын табуда да мүдіріп қалмады. Іс-шара барысында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхана қорындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәліметтер қойылды.