Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
2018 жылдың 16 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әңгіме – сұхбат өтті. Іс-шараға полиция бөлімінің қызметкері, кітапханашылар және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру;
«Сыбайлас жемқорлық» - деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу» -деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.
Іс шара барысында бейне – ролик көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі таныстырылды.