Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
2018 жылдың 15 тамыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оны болдырмау және оған жол бермеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ » тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаладағы жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жастар енбек жасақтары қатысты.
Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Іс-шара барысында кітапханашы Ж.Досмуратова сыбайлас жемқорлық туралы айтып өтті. Осы іс-шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен қызықты пікір алмасты.Оқырмандар назарына «Жемқорлық-қоғам дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.