Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
2018 жылдың 5 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы әдебиеттермен, ҚР-ның құқықтық құжаттарымен таныстырып, ақпарат беру, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін және өмірлік көзқарасын қалыптастыру. Іс-шараға мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Шара барысында оқырмандарға кітап көрмесімен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының кез-келген дамуына үлкен қатер тудыратындығын түсіндірілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.Көрмеге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары мен кітаптары, журналдары қойылған.