Заң үстемдігі – ел тұрақтылығы
Ағымдағы жылдың 13 шілде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Заң үстемдігі – ел тұрақтылығы» атты құқықтық сағат өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда заң үстемдігін насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарын дәріптеу, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, заң талаптарын сақтау және әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат берді. Оқырмандар құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы жөнінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, іс-шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге құқықтық мемлекет, заң үстемдігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық мәдениет тақырыптарына арналған әдебиеттер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, нормативтік-құқықтық құжаттар мен мерзімді басылымдар қойылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды.