Заң мен тәртіп – қоғам айнасы

      2025 жылдың 4 қараша күні мектеп оқушыларының қатысуымен «Заң мен тәртіп – қоғам айнасы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағыну және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Әр азаматтың ел заңдарын құрметтеуін насихаттау. Іс-шара барысында кітапханашы іс-шараның тақырыбы мен мақсатын таныстырып, «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңдар мен жастардың құқықтық міндеттері туралы ақпарат береді. «Заң мен тәртіп – қоғам айнасы» атты кітап көрмесі таныстырылып, заң, құқықтық тәрбие, адам құқықтары тақырыбындағы кітаптармен таныстырылды.