Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды

     Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақты заң талаптарын құрметтеуге, құқық бұзушылықтан аулақ болуға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

     Іс-шараны кітапханашы ашып, кіріспе сөзінде қоғамдағы заң мен тәртіптің орны ерекше екені, әр азамат заңды білуі және оны құрметтеуі қажет екені айтылды. «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» деген қағиданың мәні түсіндіріліп, өмірден алынған мысалдар келтірілді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар құқықтық мәдениет, тәртіп сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ жастар арасында кездесетін құқық бұзушылық түрлері талқыланып, оның қоғамға және адамның болашағына тигізетін кері әсері туралы айтылды. Қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасу арқылы тақырыпты кеңінен талқылады. Дөңгелек үстел қатысушыларға құқықтық білім беріп, олардың заңға деген жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.