Заң мен тәртіп – жастар назарында

2026 жылдың 20 мамыр күні «Заң мен тәртіп» жобасы аясында кітапхананың оқу бөлімінде «Заң мен тәртіп – жастар назарында» атты адалдық сағаты өткізілді. Іс-шараға «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысып, құқықтық тәрбие мен адалдық құндылықтары жөнінде ой бөлісті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу, әділдік пен адалдық қағидаларын насихаттау.

Кездесу барысында кітапханашы тақырыпқа сай мағлұмат беріп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, құқықтық тәрбиеге, патриоттық рухқа және адамгершілік құндылықтарға арналған әдебиеттер ұсынылды. Олар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты. Іс-шара соңында жастар заңды сақтау мен тәртіпке бағыну – әр азаматтың басты міндеті екендігін түсініп, тағылымды әсер алды. Кездесу мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.