Жемқорлық індет- жою міндет
2023 жылдың 17 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында кітапхананың оқу бөлімінде «Жемқорлық індет-жою міндет» дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының негізгі мақсат міндеттерімен таныстырып, құқықтық сауаттылығын арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, патриоттық тәрбиеге баулу. Шараға мектеп оқушылары қатысып, бүгінгі күні өзекті болып отырған тақырып аясында өз ойын ортаға салып, көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Кітап көрмесімен таныстырылды.