Жемқорлықсыз қоғам бейнесі

 

Қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетімізде мықтап қолға алынып, кешенді түрде жүргізілуде.  2019 жылдың 4 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінде «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.Іс-шараға № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

 

Мақсаты: қазіргі қоғамның өткір проблемаларының бірі ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді қалыптастыру;

 

Кітапхана қызметкері Канагатова Фариза сыбайлас жемқорлық, пара алу, пара беру жөнінде жалпы түсінік берді. Ойлаған мақсатыңа өз еңбегіңмен жетуге тырысу керек екендігі туралы сөз қозғалып, адамгершілік, әділдік туралы мақал-мәтелдер айтылды.

 

Іс-шара барысында «Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел» презентация көрсетіліп,«Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» тақырыптық кітап көрмесі қойылды. Көрмеге кітапхана қорындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәліметтер қойылды.

DSC_0181