«Буккроссинг» – кітап алмасу акциясы

Көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмауына әсер ету, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен шілде айында «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккроссинг акциясы өткізілді. Бұл акциянын негізгі идеясы-өзара кітаптар алмасуы болып табылады

«Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау», «кітаптың айналыста жүруі» дегенді білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп орнына оқымаған кітаптары алуларыңызға болады. Оны алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Кітаптың өз оқырманын табуына ықпал ететін бұл қозғалыс Америкада басталған болатын.

Ал, Қазақстанда «буккроссинг» акциясы 2005 жылы қолға алынды. Бүгінде кітапханада аталмыш акция дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатыр. Сол себепті   үйлеріңізде  өздеріңіз оқыған  қызықты  кітап  болса соны алып  келіп, орнына  оқымаған  кітаптарыңызды  алуға  болады.

Аталмыш алмасу акциясына кітаптарын  алып  келіп, орнына  кітап алған  оқырмандарымыз  бар.

0 1 2 DSC_0116 DSC_0117 DSC_0135 DSC_0136