День благодарности
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Біздің мемлекетіміз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтеді. Аталмыш мерекеге орай 28 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ оқу залында «Толеранттылық планетасында» атты ізгілік сабағы өтті. Іс-шараға №2 мектептің 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
Кеш барысында оқырмандарға мерекенің тарихы таныстырылды. «Алғыс айту – өзге мемлекеттерде» атты презентация ұсынылып, «Алғыс айту – парызым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды