Кітапхананың түнгі әлемі

          «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2022 жылдың  20  мамыр күні « Кітапхананың түнгі әлемі» тақырыбында  дәстүрлі түрде төртінші мәрте «Кітапхана түні» әлеуметтік -мәдени акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

      Мақсаты: оқырмандарды  кітапханаға тарту,сол арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру; оқуды қолдау,кітапқа деген қызығушылығын дамыту, жаңаша  бағытта танымдық-интеллектуалдық бағдарламаларға қатысып, тиімді өткізуге оқырмандарды тарту;

     Акция алдында бірнеше күн бұрын  әлеуметтік желіге салынып, хабарландыру жұмыстары жүргізілді.

       Кітапхана алаңында? Жеңіс батырлары ( М.Маметова, Х.Доспанова, Т.Бигелдинов 100жыл), Тарихи тұлғалар( К.Қасымұлы 220ж,Алаш үкіметінің құрылғанына 105жыл, Сырым датұлына 310жыл, Д.Бабатайұлына 220жыл,) Қазақтың ақын-жазушылары (С.Шаймерденов,Ә.Нұршайықов,С.Мауленов 100жыл), «Мерейгер кітаптар-2022» кітап көрмелері құрылып,  кітапты насихаттаудың қазіргі формасының бір түрі – буккроссинг өткізілді.

       «Біз оқимыз! Оқимыз!» иллюстрацияланған кітап көрмесі қойылып, онда түрлі мазмұндағы әдебиет ұсынылды - балалар ертегісі, оқиғалар, қазақ, орыс және шетелдік классиктерінің романы мен әңгімелерінен бастап, детектив,фантастикаға  дейін. Оқырмандар кітапты тегін алып,  оқып болған соң айналасындағыларға, өзге біреулерге беру тапсырылды.

     Жиналған қауым бір уақытта бірнеше шаралардың куәсі болды.Өзінің жас аралығы  аудиториясына  арналған әр бөлімдерде синхронды  түрде іс-шаралар өтті.

      Балалар кітапханасында жиналған балақайларға кітап беттерінен қазына іздеу «Ертегілер еліне саяхат» танымдық ойын-саяхат, кітаптар деликатесі,  викториналар өткізіліп,  балалар түрлі ойынға қанық болды.

      Оқу залында Мұхтар Шахановтың  80 жылдығына « Ғасырдың ғаламат ақыны» поэзия кеші, Керім- киоск (мерзімді басылымдармен таныстыру), «Жыл жаңалықтары» тақырыбында әдеби лото ойнатылды. «Білім» орталығында Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына «Әлемге әйгілі-Әуезов» әдеби кеш өткізілді. Сонымен қатар фотосалон «Стоп-кадр», «Кітапхананың қорқыныш бөлмесі» ойындар өткізілді.   «Бір ел-бір кітап» акциясына арналған «Ахмет құдығы» ұшқыр ой мен шешен тілдікке шақыратын  викториналық ойын-сұрақтар ойнатылды.

      Кітапхана түніндегі барлық бағдарламаларға қала жұртшылығы белсене қатысып, кітапханада оқырмандар қатары жаңа оқырмандармен толықты. Ұйымдастырылған мерекелік шара қала тұрғындары үшін маңызды да қызықты демалыс кеші болып, қала тұрғындары алғыс білдіріп тарасты.

3 4 6 7 8 9 11 12 13 14